Өнеркәсіпте радиотрассерлерді және гамма-сканерлеуді пайдалану


13 Тамыз 2019

Еуропаның тағы бір қаласы – Сакле (Франция) өнеркәсіпте радиотрассерлерді және гамма-сканерлеуді пайдалану бойынша ғылыми тренинг өткізу орнына айналды. Тренингті МАГАТЭ Францияның Ұлттық ядролық ғылымдар және технологиялар институты негізінде ұйымдастырды.

– Бағдарлама Франция мен Австрияның радиациялық технологиялар жөніндегі жетекші сарапшыларының дәрістік сабақтарын және гамма-сканерлеуді жүргізу мен радиотрассерлерді пайдалану процедуралары бойынша тәжірибелік сабақтарды қамтыды, - дейді Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің бастығы Евгения Мустафина, – өнеркәсіпте радиотрассерлерді және гамма-сканерлеуді пайдаланудың проблемалық мәселелері, радиотрассерлерді пайдалану арқылы сумен жабдықтау және табиғи су қоймаларын зерттеу тетіктері талқыланды. Сондай-ақ радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және алынған деректерді статистикалық өңдеу ерекшеліктері қарастырылды.

Мәлімет үшін. Радиотрассер – радиоактивті индикатор, өнеркәсіпте және медицинада инвазивті емес зерттеулер үшін, мысалы, су реакторларын немесе су қоймаларын зерттеу кезінде пайдаланылады.

Гамма-сканерлеуді пайдалану ретінде мұнай-химия өндірісінде колонналарды сканерлеуді мысалға келтіруге болады.

 

радиоэкология международное сотрудничество МАГАТЭ ИРБЭ учебный курс Франция