Шайбалы хоккейден турнир


19 ақпан 2019

16 ақпан күні Курчатов қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы бас директорының кубогына арналған шайбалы хоккейден әуесқой командалардың үшінші турнирі өтті.

Турнирге дәстүр бойынша 4 команда қатысты, олар: Семей және Курчатов қалаларының, Жезкент кентінің командалары мен Озерка мен Ұлан ауылдарының біріккен командасы.

Жеребе тастау нәтижесі бойынша бірінші ойында «Атом» және «Озерки» командалары кездесті. Матч 3:1 есебімен Курчатов қаласы командасының пайдасына аяқталды.

Екінші боп алаңда «Локомотив» пен «Шахтер» командалары ойнады. Табан тірескен ойында «Шахтер» 8:5 есебімен өз қарсыласын жеңіп, жарыс финалына шықты, ал ұтылған команданы үшінші орынға арналған матч күтіп тұрды.

Үшінші орын үшін матчта «Озерки» және «Локомотив» командалары кездесті. Жеңіске 3:2 есебімен «Озерки» командасы ие болды, осылайша команданы – аталған кубоктың екі дүркін чемпионын жүлделі орындар мен медальдардан айырды.

Турнирдің басты олжасы – кубок үшін алғашқы екі ойынның жеңімпаздары «Атом» мен «Шахтер» командалары күш сынасты. Қонақтар командасы 5:1 есебімен жеңіске жетті. «Атом» командасының жалғыз голын Лещенко Виталий соқты. Кубок Жезкент кентіне кетті, онда бір жыл, келесі турнир басталғанға дейін болады.

Жүлделі орындарға ие болған командалар жүлделі сыйлықтармен, құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды. Сондай-ақ өткізілген турнир қорытындысы бойынша «Үздік бомбардир», «Үздік  шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік қақпашы» номинацияларындағы үздік ойыншылар анықталып, құрмет грамоталарымен марапатталды. Турнирдің «Үздік қақпашы» номинациясын «Атом» хоккей командасының ойыншысы Абраров Эдуард иеленді.

2018-2019 жылғы маусымның үш турнирінің қорытындысы бойынша:

«Клуб меценаттары Н. Сысоев пен А.С. Тюнинді еске алу кубогына» - «Атом» командасы;

«Вячеслав Грудцынды еске алу кубогына – «Локомотив» командасы;

«ҚР ҰЯО РМК бас директорының кубогына» «Шахтер» командасы ие болды.

2018-2019 жылғы хоккей маусымы аяқталған жоқ, командаларды «Семей қаласы кәсіпкерлерінің кубогына» арналған тағы бір турнир күтіп тұр, ол көктемде Зенковка ауылындағы жабық хоккей модулінде өтеді. Қаламыздың командасына сәттіліктер мен жаңа жетістіктер тілейміз.

«Атом» хоккей командасының қатысушылары курчатовтықтарға нағыз хоккей мерекесін ұйымдастырғаны үшін ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Ғаділетұлы Батырбековке, № 3 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Пронина Вера Валентиновнаға, 3514 ә/б командирі, подполковник Құмаров Бауыржан Қалибатұлына ерекше алғыс сезімін білдіреді. Келіп, командаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерге жеке ризашылықтарын айтады.

Барлық ойындардың әуесқой видеожазбасы https://www.youtube.com/watch?v=-lmRgofKZ4Y&feature=youtu.be сайтына орналасқан.

Мероприятия Курчатов няц рк спорт хоккей "Атом"