Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына ХҒТО және Еуропалық комиссия делегациясы келді


03 тамыз 2026

2026 жылғы 27–30 шілдеде Ұлттық ядролық орталыққа Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) делегациясы және Еуропалық комиссияның Халықаралық әріптестік жөніндегі бас директоратының (EC DG INTPA) өкілдері келді.

Сапар аясында «Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреттерін дамыту» бірлескен жобасын іске асыруға арналған техникалық кездесулер өткізілді. Кездесу кезінде қатысушылар жобаның орындалу барысын, алдағы кезеңдерін және ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Жоба радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің кешенді жүйесін қалыптастыруға бағытталған және радиоактивті қалдықтардың бүкіл циклін – деректерді есепке алу мен жүйелеуден бастап, қайта өңдеу, кондициялау технологияларын таңдауға және көму орындарының қауіпсіздігін негіздеуге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

Ұлттық ядролық орталықтың бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында жинақталған тәжірибесі мен инфрақұрылымы кәсіпорынның радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заманауи шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша негізгі алаң ретіндегі рөлін айқындайды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаны іске асыру жұмыстарын жалғастыруға өзара мүдделі екенін растады.
 

радиоактивные отходы (РАО) международное сотрудничество МНТЦ