МАГАТЭ алаңындағы консультациялық кездесу


31 шілде 2026

2026 жылғы 28–29 шілде күндері Вена қаласында (Австрия) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) алаңында консультациялық кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, АҚШ Энергетика министрлігінің ұлттық зертханаларының, сондай-ақ МАГАТЭ-нің Кепілдіктер және Зерттеу реакторлары департаменттерінің мамандары қатысты.

Кездесу барысында ИГР реакторының жоғары байытылған уран отынын басқару жобаларын іске асыру мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, тиісті инфрақұрылымды құру, отынды қайта қаптауға арналған техникалық шешімдерді әзірлеу, мамандандырылған жабдықты дайындау, сондай-ақ ядролық материалдарды есепке алу және бақылау мәселесі қарастырылды.

Сонымен қатар ҚР ҰЯО РМК мамандары жүргізген ИВГ.1М реакторының ЖБУ отынын сұйылту және иммобилизациялау әдістері бойынша алдын ала зерттеу нәтижелері ұсынылды.

МАГАТЭ, сондай-ақ Швеция мен Оңтүстік Африка Республикасының ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері жүргізілген зерттеулерге жоғары баға беріп, ұсынылған әдістердің қойылған міндетті шешуге қолдануға жарамды екенін растады. Сондай-ақ олар болашақ сұйылту қондырғысының жобасын оңтайландыру барысында ескерілетін ұсынымдарын ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жобаларды іске асырудың келесі кезеңдерін айқындап, бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын келісті.
 

МАГАТЭ ВОУ реактор ИВГ.1 КИР ИГР