ҚР ҰЯО-ның Қазақстандық физика қоғамының жыл сайынғы конференциясына қатысуы


28 мамыр 2026

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы делегациясы халықаралық физика конгресі аясында Nazarbayev University негізінде өтіп жатқан Қазақстандық физика қоғамының (ҚФҚ) жыл сайынғы бесінші конференция-кездесуіне қатысып жатыр.

ҚФҚ конференциясының бағдарламасында физика ғылымының түрлі бағыттары бойынша 50-ден астам баяндама қарастырылған.

ҚР ҰЯО ғалымдары ядролық реакторлардағы физикалық процестерді модельдеу, басқарылатын термоядролық синтез саласындағы эксперименттік зерттеулер, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату технологияларын әзірлеу бойынша өздерінің өзекті ғылыми жұмыстарының нәтижесін таныстыруда. 
 

Казахстанское физическое общество (КФО)