XVIII Халықаралық жылу- және массаалмасу форумына қатысу


25 мамыр 2026


Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы 2026 жылғы 18–21 мамыр аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өткен XVIII Халықаралық жылу- және массаалмасу форумына қатысты.

Форум жылу- және массаалмасу, энергетика, математикалық модельдеу және атом саласының заманауи технологиялары бойынша өзекті мәселелерді талқылау мақсатында әртүрлі елдердің ғалымдары мен мамандарының басын қосты.

Энергетикалық қондырғылардағы тасымалдау процестеріне арналған секция аясында ҚР ҰЯО-ның реакторлық сәулелендіру қондырғыларын пайдалану барысын арнаулы бағдарламалық жасақтамамен модельдеу мәселелері бойынша баяндамасы ұсынылды.

Форумға қатысу ҚР ҰЯО-ның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесін таныстыруға, сондай-ақ жылу- және массаалмасу, атом энергетикасы технологиялары саласындағы заманауи тәсілдермен және үрдістермен танысуға мүмкіндік берді. 

международное сотрудничество