20 мамыр 2026




Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Семей қаласында Shakarim University негізінде өткізілген «ABAI SCIENCE FEST» фестиваліне қатысты.
Іс-шара аясында Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің жас ғалымдарымен кездесті. Кездесу барысында ғылыми әлеуетті дамыту, жас зерттеушілерге қолдау көрсету және олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Фестивальдің негізгі оқиғаларының бірі – ғылыми жобалар мен әзірлемелер көрмесі болды. Көрмеде ядролық технологиялар, экология, медицина, жасанды интеллект және басқа да бағыттардағы инновациялық шешімдер ұсынылды.
Ұлттық ядролық орталық мамандары кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары бойынша әзірлемелерін таныстырды. Кәсіпорынның фестивальге қатысуы оның ғылыми-техникалық әлеуетін көрсетуге, сондай-ақ атом ғылымы мен қолданбалы зерттеулердің өңірді орнықты дамытудағы маңызын айқындауға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында ғылыми инфрақұрылымды дамыту, жастарды зерттеу қызметіне тарту және ғылыми қауымдастық, білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ өңірде ғылым мен технологияны дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыру перспективалары, оның ішінде Курчатов қаласында ғылым қаласын құру жоспарлары атап көрсетілді.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының фестивальге қатысуы ғылымды насихаттау, ғылыми бастамаларды қолдау және ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастықты дамыту жұмыстарының бір бөлігі болып саналады.
13 мамыр 2026
08 мамыр 2026
06 мамыр 2026
30 сәуір 2026