22 ақпан 2018
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Техникалық физика» және «Физика» кафедраларының 4-курс студенттері ҚР Ұлттық ядролық орталығының бірқатар объектілерінде болып қайтты. Экскурсия ҚР ҰЯО Жас ғалымдары мен мамандары кеңесінің жұмыс бағыттарының бірі – «атом саласындағы жастардың кәсіби бағдарын» іске асыру шеңберінде өткізілді, бұл бағыттың жетекшісі – Кеңес мүшесі, жетекші инженер Тимур Төленбергенов.
Студенттер екі күн бойы «Байкал-1» ЗРК, қазақстандық материалтану токамагы эксперименттік кешенін, А бөлімін, сондай-ақ Семей сынақ полигоны мен Ұлттық ядролық орталықтың музейлерін аралады.
«Байкал-1» кешенінде ИВГ.1М зерттеу реакторының құрылу тарихымен, жұмыс принципімен және технологиялық ілеспе жүйелермен танысты. Реактордың пульт бөлмесін, реактор асты үй-жайында және реактордың салқындату жүйесі орналасқан үй-жайда болды.
Атом энергиясы институтының материалтану сынақтары бөлімінде студенттер мен жас мамандар үшін заманауи реактор қондырғыларының конструкциялық және отын материалдарын зерттеу жөніндегі материалтану кешенінің қызметімен танысты.
КТМ Токамагына бару кезінде КТМ жобасын іске асыру Қазақстанның термоядролық синтездің озық зерттеу қондырғыларына ие 10 елдің қатарына кіруге, қазіргі заманғы ядролық энергетиканың маңызды міндеттерін шешудің, оның ішінде жасанды ядролық отынның жарамдылық мерзімі, отын циклін тұйықтау, ядролық қалдықтарды кәдеге жаратудың негізін қалауға мүмкіндік беретіні атап өтілді, бұл басқарылатын термоядролық синтездің жетістіктерін пайдалана отырып атом энергетикасын дамытудың қазіргі заманғы инновациялық тәсілдеріне сәйкес келеді.
Экскурсияның қорытынды бөлігінде ғалымдардың болашақ жас буыны Семей сынақ полигонының тарихымен танысты. Музей қызметкерлері ядролық қару жасау жолындағы алғашқы қадамдар, ядролық сынақтардың салдары, ССП-ның жабылуы және еліміздің ядролық қарусыздандыру мен бейбіт атомды дамытудағы рөлі туралы әңгімеледі.
ҚР ҰЯО Жас ғалымдары мен мамандарының кеңесі
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024