Мемлекеттік марапат құтты болсын!


24 қазан 2025

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Батырбеков Эрлан Ғаділетұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілді.

Ұлттық ядролық орталық ұжымы Эрлан Ғаділетұлын жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтайды!

Бұл марапат оның отандық ғылымды дамытуға және атом энергетикасы саласындағы бейбіт бастамаларды ілгерілетуге бағытталған көпжылдық әрі жемісті еңбегінің лайықты бағасы деп білеміз.

Эрлан Ғаділетұлына зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат және кәсіби қызметіне толағай табыс тілейміз!

поздравления