16 қазан 2025
ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының директоры Бакланов Виктор Владимировичті «10200 – Физика ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен құттықтаймыз!
Виктор Владимирович ҚР ҰЯО жүйесінде 2000 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оның ғылыми қызығушылығы радиациялық материалтану, ядролық реакторлардың қауіпсіздігі, пайдаланылған ядролық отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ жаңа материалдарды синтездеудің технологиялық негіздерін әзірлеу сияқты кең ауқымды қамтиды. 130-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде өнертабыстар мен пайдалы модельдерге берілген патенттердің авторы.
Виктор Владимировичті осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми қызметінде жаңа жетістіктерге, тың идеялар мен маңызды жаңалықтарға толы табысты жол тілейміз!
10 қазан 2025
09 қазан 2025
09 қазан 2025
29 қыркүйек 2025