ИВГ.1М реакторының пайдаланылған жоғары байытылған ядролық отынымен жұмыс істеу


19 қыркүйек 2025

Венада өткен МАГАТЭ-нің 69-шы Бас конференциясы аясындағы тағы бір оқиға ИВГ.1М зерттеу реакторының пайдаланылған жоғары байытылған ядролық отынымен жұмыс істеуге арналған сайд-ивент болды. Бұл кездесу Қазақстанның қауіпсіздік, ашықтық және халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына тұрақтылығын растады. 

Қатысушылар жұмыстың негізгі бағыттарын: жоғары байытылған материалдарды пайдалануды азайту стратегиясын, ПЯО-ны ұзақ мерзімді қауіпсіз сақтау үшін жаңа SILO қоймасын құруды, сондай-ақ пайдаланылған отынды сұйылту тұжырымдамасын талқылады. Шешімдердің инженерлік негіздемесіне, олардың реттеушілік дұрыстығы мен халықаралық верификациялануына ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы төмендегідей үш баяндама ұсынды:

  1. Қазақстан Республикасында ЖБУ-ды барынша азайту – жоғары байытылған материалдардың үлесін төмендету тәсілдері және халықаралық тексеру механизмдерін енгізу;
  2. ИВГ.1М реакторының ПЯО-ға арналған жаңа SILO-қоймасы – өмірлік циклдің барлық кезеңіндегі қауіпсіз сақтау технологиялары, жобалау және инспекциялық қызмет;
  3. Пайдаланылған отынды сұйылтудың тұжырымдамалық технологиясы –практикалық қызметке ұластырудың ғылыми негізі мен сценарийлері.

Сайд-ивенттің басты қорытындысы:

  • материалдармен жұмыс істеудің барлық кезеңінде қауіпсіздік пен ашықтық сөзсіз басымдық ретінде танылды;
  • стратегиялық мақсаттардан нақты инженерлік шешімдерге және халықаралық тексеруге көшу ұсынылды;
  • ядролық қауіпсіздік пен таратпау режимін нығайтудағы Қазақстанның жауапты серіктес ретіндегі рөлі расталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанда ИВГ.1М зерттеу реакторын конверсиялау және пайдаланылған отынмен жұмыс істеу технологияларын дамыту жөніндегі орындалып жатқан жұмыстардың стратегиялық маңызы атап өтілді.

ИВГ 1.M ОЯТ ВОУ 69-ая сессия Генеральной конференции МАГАТЭ сайд-ивент