22 тамыз 2025

Бүгін, 22 тамызда, ҚР Ұлттық ядролық орталығының конференц-залында терроризм қаупі төнген немесе терроризм актісі жасалған кездегі іс-қимыл қағидасы бойынша сабақ өткізілді.
Сабақ барысында қызметкерлерге төтенше жағдайда әрекет етудің негізгі алгоритмдері, сондай-ақ жеке және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасы туралы айтылды. Күдікті зат немесе қауіптілік белгісі байқалған жағдайда жауапты қызметтерді уақтылы хабардар ету мәселесіне ерекше назар аударылды.
Мұндай сабақтар қызметкерлердің террористік қауіп төнуі мүмкін кезде дұрыс әрі жедел әрекет етуі үшін қажет білімі мен дағдысын қалыптастыруға ықпал етпек.
07 тамыз 2026
03 тамыз 2026
31 шілде 2026
30 шілде 2026