Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залына Ашық есік күні


30 шілде 2025

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы барлық келем деушілерді 2025 жылғы 27 тамызда Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залына шақырады.

Іс-шараның өтетін күні: 2025 жыл 27 тамыз

Өтетін орны: ҚР Ұлттық ядролық орталығы (Абай облысы, Курчатов қаласы,  Бейбіт атом көшесі, 2)

Бағдарлама:

Экспозициялық залға келушілерді полигонды құру мен дамытудың негізгі кезеңдері, ядролық сынақтарды жүргізудің ерекшеліктері, көрнекті физик-экспериментатор Игорь Курчатовтың және бірқатар көрнекті ядрошыл физиктердің өмірі мен қызметі  баяндалатын отандық тарихтың ең даулы да айқын беттерінің бірімен танысу күтеді.
Экспозициялық залда түрлі өлшеу аспаптары, 50-ші жылдардағы есептердің түпнұсқалары, макеттер, ядролық полигон болған кезеңдегі фотосуреттер ұсынылған.

Экскурсия кестесі:

10:00 – 11:00 (қазақ тілінде)

11:00 – 12:00 (орыс тілінде)

15:00 – 16:00 (ағылшын тілінде)

Маңызды: Барлық келем деушілер 2025 жылғы 15 тамызға дейінгі (шетел азаматтары) және 2025 жылғы 20 тамызға дейінгі (ҚР азаматтары) мерзімде аты-жөнін, келуге қолайлы уақытын көрсете отырып, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса ұсына отырып (Ұлттық ядролық орталықтың аумағына кіруге рұқсаттама ресімдеу үшін) өтінім беруі қажет.

Өтінімдер zhanbyrbaeva@nnc.kz электрондық мекенжайына жіберіледі. Анықтамаларға арналған телефон: 8 (72251) 3-34-13 (ішкі 211)

день открытых дверей экспозиционный зал истории СИП