16 маусым 2025
«Орталық Азия – Қытай» II саммиті аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде II Халықаралық академиктер форумы сәтті өтті.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – ғылыми зерттеулер мен озық технологияларды енгізу арқылы климаттың өзгеруі, шөлейттену, халықтың өсуі және кедейлікпен күрес сияқты өзекті жаһандық мәселелерді шешуге ықпал ету. Ұйымдастырушылар қатарында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Цзяотун Сиань университеті бар.
Форум жұмысына ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, академик Эрлан Батырбеков қатысып, ядролық энергетиканы дамыту перспективалары туралы ой бөлісті және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ҚР ҰЯО-ның қосқан үлесі туралы, сондай-ақ басқарылатын термоядролық синтез және сутегі энергетикасы сияқты озық бағыттарды дамыту туралы айтты.
«Жасыл» тақырыпты талқылау Астанадағы саммит алаңында жалғасады.
16 маусым 2025
13 маусым 2025
09 маусым 2025
09 маусым 2025