Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау нәтижесін талқылау


30 мамыр 2025

2025 жылғы 28 мамырда Ұлттық ядролық орталықта кәсіпорынның комплаенс-офицері ұйымдастырған семинар өтті. Іс-шара 2024 жылы жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мен мониторинг нәтижесін талқылау шеңберінде өткізілді.

Семинарға заң бөлімшелерінің, мемлекеттік сатып алу бөлімінің, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау қызметтерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар анықталған бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жан-жақты қарастырды. 

Талқылау барысында бұзушылық себептері анықталып, проблемалық мәселелер жайлы айтылып, мұны шешудің нақты жолы ұсынылды. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша кәсіпорынның қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Мұндай іс-шараны өткізу кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асыруға ықпал етеді.

антикоррупционное законодательство РК