27 наурыз 2024



ҚР Ұлттық ядролық орталығы осы күндері Сочиде (РФ) өткен «АТОМЭКСПО – 2024» халықаралық форумының жұмысына қатысты. Биылғы басты тақырып «Таза энергетика: болашақты бірге құру» болды, онда климаттың өзгеруіне қарсы күресудің халықаралық стратегияларындағы атом энергетикасының рөлі қарастырылды.
Алаңдардың бірінде «Энергетикалық емес жобаларды іске асырудағы зерттеу реакторларының бірегей мүмкіндігі» тақырыбында тақырыптық сессиялар мен панельдік пікірталас өткізілді, оған спикер ретінде ҚР ҰЯО қызметкерлері қатысты. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы инновациялық шешімдерді пысықтау үшін реакторлық зерттеу қондырғыларын қолдану мәселесі талқыланды.
03 тамыз 2026
31 шілде 2026
30 шілде 2026
23 шілде 2026