16 ақпан 2024
ҚР Ұлттық ядролық орталығы ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының реактор отынын сынау зертханасының бастығы Мұхамедов Нұржан Еролұлын 10200 – «Физика ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен құттықтайды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 207 тиісті бұйрығы сайтта жарияланған.
Нұржан Мұхамедов өз қызметін 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін Ұлттық ядролық орталықта бастады. 2019 жылдан бастап реактор отынын сынау зертханасын басқарады. Бүгінде жас маманның жетекшілігімен ядролық және термоядролық техниканың конструкциялық материалдарын радиациялық қыздыруды есептік-эксперименттік зерттеу ойдағыдай жүзеге асырылады, SAIGA эксперименттік бағдарламасын іске асыру мүмкіндігін және ауыр авария кезіндегі шапшаң реакторлардың жылу бөлгіш элементтерінің жай-күйін негіздеу мақсатында зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Біз жас кадрларымызды мақтан тұтамыз!
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024