Жаңа 2024 жыл құтты болсын!


28 желтоксан 2023

Құрметті әріптестер!

Баршаңызға Жаңа 2024 жыл құтты болсын!

Жаңа жыл әрқашан жаңа үміт, жаңа қадаммен байланысты. Сондықтан өткен жылғы игі істер келер жылы да жалғасын таба берсін!

Әдетте ескі жылды қорытындылап шығарып саламыз, ал келер жылды жаңа жоспар жасап, жақсы үмітпен қарсы аламыз. Болашақ жетістіктеріміз ең алдымен өткен және қазіргі кездегі жұмыстың нәтижесі екенін бәріміз жақсы түсінеміз.

2023 жыл Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы үшін сәтті жыл болды. Біз өз қызметіміздің барлық бағыты бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткіздік.   Жетекші халықаралық ұйымдармен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қойдық.

Жемісті қызметіміздің арқасында бүгінгі таңда Ұлттық ядролық орталық Қазақстанның жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарының бірі болып саналады. Нәтижесінде еңбегіміз ең жоғары мемлекеттік деңгейде – Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығымен атап өтілді. Мұның бәрі бізге болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Қымбатты достар!

Жаңа жыл қуанышты сәттер мен жаңа жетістіктерге толы болсын!  Шаңырақтарыңызға шаттық пен береке, махаббат орнасын! Қанаттарыңыз талмай, әрдайым биікке самғай беріңіздер! Армандарыңыз асқақ, жоспарларыңыз нық, мақсаттарыңыз айқын болсын! Олай болса, алдағы жылы барлық тілектеріңіздің орындалары сөззсіз.

Жаңа жыл құтты болсын!

поздравление новый год Эрлан Батырбеков РГП НЯЦ РК Государственная премия Республики Казахстан С Новым 2024 годом! ведущая научно-исследовательская организация Казахстана