ҚР ҰЯО делегациясының Қытай атом энергиясы институтына сапары басталды


29 қараша 2023

Қытай атом энергиясы институты (CIAE) осы елдегі атом саласының ең көне ғылыми кәсіпорны, оның озық әзірлемелері Қытайдың ядролық индустриясын дамытудың ғылыми-техникалық базасын құрайды және бұл әзірлемелер тек осы ел ішінде ғана емес, басқа елдерде де қолданады.

Жұмыс сапары барысында ғылыми-өндірістік базамен танысу және осы жылдың қыркүйек айында қол қойылған меморандуммен ұйымдар екі тараптан қолдаған ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланған.

Ұйым басшылары ресми кездесуде бір-бірін жылы қарсы алды, алдағы күндерге арналған жұмыс бағдарламасын талқылап, серіктестік қатынастарды дамытуды көздейтіндерін растады.

Делегация бағдарлама бойынша ең алдымен протондық циклотронға және пайдаланылған ядролық отынды өңдеу, ядролық сәулеленуді тіркеу, ядролық субстанциялардың жылыстауы саласында зерттеулер жүргізетін, сондай-ақ ядролық материалдарды таратпау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласында әзірлемелер жасайтын бірқатар ғылыми зертханаға барды.

международное сотрудничество визит РГП НЯЦ РК атомная энергетика ядерные установки Китай Меморандум CIAE научные лаборатории протонный циклотрон научно-техническая база