23 қараша 2023

ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті кадрлар даярлау, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, білім беру бағдарламаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Дәл қазір басқарма төрағасы – ректор Мейрам Бегентаев бастаған университет делегациясы ҚР ҰЯО-ға сапармен келді. Сапар барысында ИВГ.1М ядролық зерттеу реакторына, қазақстандық КТМ материалтану токамагына, бірегей зерттеу стендтеріне, зертханаларға және т. б. бару көзделген.
04 қыркүйек 2026
04 қыркүйек 2026
28 тамыз 2026
28 тамыз 2026