03 наурыз 2023
Астана қаласында Қазақстанда зерттеу реакторларын конверсиялау және жоғары байытылған уран (бұдан әрі – ЖБУ) отынын кәдеге жарату бойынша үйлестіру кездесуі өткізілді.
Кездесу ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Ұлттық ядролық орталығының, АҚШ Энергетика министрлігінің Материалдарды басқару және азайту жөніндегі кеңсесінің (М3) және Американың ұлттық зертханаларының қатысуымен өткізілді.
Қатысушылар ИВГ.1М және ИГР зерттеу реакторларын төмен байытылған уран отынына конверсиялау шеңберінде қол жеткізілген жұмыс нәтижелерін талқылады.
Қазіргі уақытта ИВГ.1М реакторының жоспарланған барлық тоғыз энергетикалық іске қосуы сәтті аяқталды.
Осылайша, ИВГ.1М реакторы конверсияның соңғы сатысында және биылғы жазға қарай халықаралық жобалар мен бюджеттік бағдарламалар шеңберінде реакторлық эксперименттерді жалғастыруға дайын болады
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024