13 қаңтар 2023
ҚР Ұлттық ядролық орталығы Азиядағы ядролық кооперация форумының (FNCA) ядролық қауіпсіздік жобасы және кепілдіктер жөніндегі 12-ші семинарына қатысты.
Биылғы жылы кеңесті Таиландтың Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелері жөніндегі басқармасы, Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі мен Ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымы ұйымдастырды. Семинарға Австралия, Бангладеш, Қытай, Индонезия, Қазақстан, Корея, Малайзия, Моңғолия, Филиппин, Тайланд, Вьетнам, Жапония елдері қатысты.
Спикерлер өткен 2022 жылдағы ядролық қауіпсіздікті дамыту және жақсарту, кепілдіктерді жүзеге асыру, ядролық қауіпсіздік мәдениеті және әлеуетті нығайту мәселелері бойынша баяндамалар ұсынды.
Семинар аясында МАГАТЭ, Еуропалық комиссияның бірлескен зерттеу орталығы, Жапонияның Атом энергиясы агенттігінің өкілдері ядролық сараптама (криминалистика) мәселелері бойынша өңірлік ынтымақтастық шеңберінде өткізілген қызмет бойынша бірқатар дәрістер ұсынды, сондай-ақ сараптамалық бақылау және қосымша хаттама мәселелеріндегі озық тәжірибелер туралы баяндады.
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024