12 қыркүйек 2017
ҚР Ұлттық ядролық орталығының делегациясы Ұлыбританияның Лондон қаласында 2017 жылғы 11 – 13 қыркүйек аралығында өтіп жатқан IV Дүниежүзілік жаңа ядролық құрылыс жөніндегі конгреске (4-th World Nuclear New Build Congress 2017) қатысуда. Конгресс шеңберінде атом саласының жетекші ұйымдары әлемдік атом энергетикасын дамыту сценарийлерін, атом энергиясын пайдалану саласындағы ұлттық реттеу жүйелерін жақсарту мәселелерін, жетілдірілген аз қуатты реакторлардың перспективаларын, жаңа құрылысты қаржыландыру және инвестициялау мәселелерін талқылауда. Конгресс бағдарламасымен халықаралық, үкіметтік, ғылыми-зерттеу және коммерциялық ұйымдардың өкілдерінің баяндамаларын тыңдау көзделген.
ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков Конгресс жұмысының алғашқы күні «Қазақстанда атом энергетикасын дамытуды ғылыми-техникалық қолдау» атты баяндамасын оқып, тыңдармандардың үлкен қызығушылығын оятты. Конгреске қатысушылар Қазақстан Республикасының биылғы жылғы 29 тамызда салтанатты түрде ашылған МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран (ТБУ) банкін құрудағы рөлін атап көрсетті.
Эрлан Батырбеков еуропалық әріптестеріне ҚР ҰЯО-ның 25 жылдық қызметіне арналған, биылғы жылдан бастап ағылшын тілінде оқуға болатын кітапты тарту етті. Конгреске қатысушылармен өзара қызығушылық туындатқан бірқатар мәселелер талқыланып, атом энергетикасындағы жобаларды іске асыру саласында мамандандырылған еуропалық компаниялардың өкілдерімен іскери байланыстар орнатылды.
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024
26 қыркүйек 2024