13 мамыр 2020
Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттарды жүзеге асыру шеңберінде ҚР Ұлттық ядролық орталығы АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігімен (DTRA) бірлесіп бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағындағы жұмыстарды жалғастырды.
Қазіргі уақытта «Тәжірибе алаңында» физикалық тосқауылдар салу жұмыстары жүріп жатыр, қауіпсіздіктің көп деңгейлі жүйелері орнатылуда, жер үсті радиоактивтік ластану деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Мұның барлығы анықталған ядролық қызмет қалдықтары бар объектілерге рұқсатсыз қатынауды болдырмайтын инженерлік тосқауылдарды қорғауды күшейтуге ықпал етеді.
22 тамыз 2025
13 тамыз 2025
04 тамыз 2025
30 шілде 2025