Қымбатты әйелдер!


07 наурыз 2019

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Барша әлемде шұғылалы көктем мерекесі мейірімділік пен махаббаттың, бауырмалдықтың белгісі болып табылады.

Біздер, ер азаматтар, әйел бойындағы сүйкімділік пен ақылдылық, нәзіктік пен биязылық, шыдамдылық пен сезімталдық сияқты қасиеттерге бас иеміз! Соның ішіндегі ең бастысы – дүниеге бала әкелу, оны тәрбиелеу, туған-туыстарға мейірім төгу, отбасының амандығын сақтау.

Бүгінгі ең ізгі мерекелік тілектер өздеріңізге арналады! Сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік, шуақты көңіл-күй, таусылмас шабыт, сәттілік және мол табыс тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы жандар!

 

Құрметпен,

ҚР ҰЯО РМК бас директоры                                                Эрлан Батырбеков

 

поздравление няц рк 8 марта