28 қазан 2016

Н.А. Назарбаев, В.С. Школьник, Е.Г. Батырбеков, С.А. Березин, С.Н. Лукашенко, М.К. Скаков авторлығымен жазылған үш томдық «Бұрынғы Семей сынақ полигонын қауіпсіз күйге келтіру бойынша кешенді ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар жүргізу» монографиясы енді көпшілікке онлайн режимінде қолжетімді. Бұл маңызды, бірегей жұмысқа кез келген адам біздің веб-сайтымыздан кіре алады.
![]() |
![]() |
Анықтама үшін. 2016 жылдың 29 тамызында Астанада өткен «Building a Nuclear Weapon Free World» халықаралық конференциясында «Бұрынғы Семей сынақ полигонын қауіпсіз жағдайға келтіру үшін ғылыми, техникалық және инженерлік жұмыстар кешенін жүргізу» кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта Семей сынақ полигонының бұрынғы әскери-өнеркәсіптік кешенін конверсиялау бойынша жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы шетелдік серіктестермен бірлесіп жүргізген ядролық энергия қауіпсіздігі және радиоэкология саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық ұсынылған.
12 қараша 2025
29 қазан 2025
28 қазан 2025
24 қазан 2025