14 қыркүйек 2018
Семей. 11.09. «Semeyainasy» — Бүгін Курчатов қаласында «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту келешегі» атты VІІІ халықаралық конференциясы жұмысын бастады. Ғылыми форум биылғы жылы бірден екі мерейтойға: Атом энергиясы институтының (АЭИ) 60 жылдығына және ҚР Ұлттық ядролық орталығы РМК құрамына кіретін Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының (РҚЭИ) 25 жылдығына арналды. Конференция жұмысына Франция, Германия, Ресей, Қытай, Жапония, Чехия, Қазақстаннан атом энергетикасы саласындағы мамандар қатысуда.
Халықаралық ғылыми конференцияның жұмысын кіріспе сөзімен «Ұлттық ядролық орталық» РМК бас директоры Эрлан Батырбеков ашты. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев форумға қатысушыларды құттықтау жеделхаттарымен құттықтады.
11-13 қыркүйек аралығында, үш күн бойы ғалым-ядрошылар пленарлық және секциялық отырыстар өткізеді, онда радиациялық экология және медицина мәселелері бойынша әртүрлі елдердің жетістіктері, сондай-ақ ядролық зерттеу қондырғыларын дамытудың заманауи үрдістері мен перспективалары талқыланады. Екі секцияда да авторлары аталған елдерден басқа авторлары Өзбекстан, Әзірбайжан, Венгрия және Қырғызстан елдерінің ғалымдары болып табылатын 80-ге жуық стендтік баяндама ұсынылады.
Конференция бағдарламасы шеңберінде реакторлық кешендерге, «Тәжірибе алаңына», «Атом көліне», ССП және ҚР ҰЯО мұражайларына, РҚЭИ және КТМ токамагы зертханаларына экскурсиялар өткізіледі.
Авторы: Лейла Уразбаева
Semeyainasy.kz интернет-ресурсы
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024
26 қыркүйек 2024