31 шілде 2018
Семей. 30 шілде. ҚазТАГ. - ҚР Ұлттық ядролық орталығы радиациялық-қауіпті аумақтарды қауіпсіз күйге келтіруді көздейтін Полигонды оңалту жөніндегі бағдарламаны дайындады. Оны іске асыру барысында радиоактивті қалдықтардың 50 000 текше метрге жуығы алып тасталынады және көміледі, ядролық сынақтар жүргізілген жерлерге физикалық тосқауылдар жасалып, радиоактивті ластанған жерлерді терең жырту және т.б. жұмыстар жүргізілетін болады,- деп хабарлайды агенттік тілшісі.
ҚР ҰЯО жүргізіп жатқан Семей сынақ полигонын (ССП) ауқымды зерттеу 2009 жылы полигонның сол жақ бөлігінен басталды. Бұл радиациялық жағынан зерттелмеген жерлердің 18000 шаршы метрінің алғашқы 3000 шаршы метрі. «Қазіргі кезде ССП аумағының көп бөлігі зерттелді және бүгін полигонның барлық радиациялық-қауіпті объектілері – олардың орналасқан жері, алаңдары, көлемдері мен олар төндіретін радиациялық қауіптің көлемі мен дәрежесі белгілі деп сеніммен айтуға болады»,- дейді ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбеков.
Осы мағлұматтармен бірге полигонға қатысты шаралар қабылдау қажет деген түсінік қоса келеді дейді ғалымдар. «Өйткені ССП-ның көп бөлігі, оның аумағының 90%-ға жуығы адамдарға радиациялық қатер төндірмейді, яғни радиация деңгейі полигоннан тыс жерлердегі фондық жерлермен салыстырмалы. Оның үстіне осындай үлкен аумақ шаруашылық сұранысқа ие. Полигонда кен өндіру саласындағы – көмір, флюорит, алтын және басқа салалардағы кәсіпорындар жұмыс жүргізеді, ауыл шаруашылық қызметі жүргізілуде»,- деп атап өтті Э. Батырбеков.
Оның айтуынша 2021 жылы ССП-ны тексеру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, сондықтан бүгін полигонның бұдан арғы тағдырын жоспарлау қажет. Ұлттық ядролық орталық ғалымдары полигонда 400-ден аса жер үстіндегі және ауадағы, тау сілемдері мен терең геологиялық формацияларда жер асты сынақтары жүргізілгендігін ескере отырып, полигонды оңалтуға әртүрлі тәсілдерді қолдану қажет екендігін айтты. «Мысалы, барлығына белгілі «Атом көлі» өте үлкен объект (шұңқырдың диаметрі 300 м) және барлық радиоактивті топырақты алу экономикалық жағынан орынды емес. «Атом көліне» арналған әзірленген Бағдарламада оған адамдар мен үй жануарларының қатынауын болдырмау мақсатында физикалық тосқауыл құру (орлар, қоршаулар) жоспарланған»,- деп нақтылады ҚР ҰЯО бас директоры.
Басқаша сөзбен айтқанда Семей сынақ полигонын оңалту бағдарламасы әрбір радиациялық қауіпті жерге жеке тәсілдемені қарастырады.
ҚР ҰЯО мамандары өз күштерімен полигонды қауіпсіз күйге келтіру әдістемесін пысықтау бойынша алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Осылайша бірнеше радиоактивті «дақтар» жойылып, радиоактивті қалдықтардың 100 текше метрге жуығы алынып тасталды және көмуге берілді. Кейбір учаскелерде физикалық тосқауылдар құрылды.
Ләйлә Оразбаева, Кaz TAG үшін
фото: ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ
Кaz TAG (Қазақ телеграф агенттiгi) - https://www.kaztag.info/50-tys-kubometrov-radioaktivnykh-…
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024