Бейбітшілік аллеясы жаңа ағашпен толықтырылды


11 қыркүйек 2026

Жапонияның Атом энергиясы агенттігі делегациясының өкілдері Ұлттық ядролық орталыққа келген сапары барысында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай ашылған Бейбітшілік аллеясына шетен ағашын отырғызды.

Қос тарап үшін бұл бастаманың маңызы ерекше. Қазақстан мен Жапонияны көпжылдық ғылыми-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ тарихты есте сақтаудың, ядролық технологияларға жауапкершілікпен қараудың және бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы халықаралық күш-жігерді нығайтудың маңыздылығына деген ортақ түсіністік байланыстырады.

Бейбітшілік аллеясы бүгінгі мен ертеңгіні, алдағы бейбіт өмірге деген үмітті біріктіріп, өз тарихын жалғастыра бермек.

международное сотрудничество