10 қыркүйек 2026






2026 жылғы 7–9 қыркүйекте Курчатов қаласында Жапонияның Атом энергиясы агенттігінің (JAEA), Marubeni Utility Services, Ltd. (MUS) және Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының мамандары EAGLE-4 эксперименттік бағдарламасын іске асыру мәселелерін, реакторішілік және реактордан тыс эксперименттерді өткізу жоспарларын, сондай-ақ аралық есепті дайындау барысын талқылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығында EAGLE-4 эксперименттік бағдарламасы аясында Жапонияның Атом энергиясы агенттігі (JAEA) делегациясымен техникалық кездесу өтті. Делегацияны JAEA бас директорының орынбасары Юруги Канзаки басқарды. Кездесуге тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Marubeni Utility Services (MUS) компаниясының мамандары да қатысты.
Бұл EAGLE-4 эксперименттік бағдарламасы бойынша жұмыстарды орындауға арналған жаңа келісімшарт жасалғаннан кейінгі алғашқы техникалық кездесу болды. Жоба Жапонияда әзірленіп жатқан төртінші буынды JSFR шапшаң нейтронды натрий реакторының конструкциясын негіздеуге бағытталған көпжылдық зерттеулердің жалғасы болып табылады.
Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының зерттеу қондырғыларында реакторішілік және реактордан тыс эксперименттер жүргізу көзделген.
Кездесу барысында тараптар алдағы жұмыстарды жоспарлау және күнтізбелік жоспардың орындалуы, эксперименттік зерттеулерді жүргізуге дайындықтың қазіргі жағдайы, эксперименттік құрылғыларға қойылатын техникалық талаптар мен оларды сынау шарттары, сондай-ақ жүргізілген есептеулердің нәтижелері мәселелерін талқылады.
Негізгі мәселелердің бірі жобаның орындалу барысы туралы аралық есептің мазмұнын келісу болды. Қатысушылар алдағы жұмыстардың негізгі бағыттарын айқындап, эксперименттерді келісілген мерзімдерде және күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізудің маңыздылығын атап өтті.
04 қыркүйек 2026
04 қыркүйек 2026
28 тамыз 2026
28 тамыз 2026