ИГР зерттеу реакторын конверсиялау жобасының іске асырылу барысын талқылау


12 маусым 2026

8–10 маусым аралығында АҚШ-тың Аргонн ұлттық зертханасының өкілдері Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында тараптар ИГР зерттеу реакторын конверсиялау жөніндегі бірлескен жұмыстардың жай-күйін, оның ішінде жүргізілген есептік-теориялық зерттеулердің нәтижесін, сондай-ақ жобаның бекітілген жол картасын іске асырудың алдағы кезеңдерін талқылады.

Реакторды төмен байытылған уранды пайдалануға көшіру үшін қажет етілетін төмен байытылған уран-графит отынын өнеркәсіптік көлемде өндіру технологияларын әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

КИР ИГР Аргоннская национальная лаборатория