ҚР ҰЯО мен АҚШ-тың ұлттық зертханалары бірлескен жобаларды талқылады


26 мамыр 2026

2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына АҚШ ұлттық зертханаларының (Idaho National Laboratory, Oak Ridge National Laboratory) және АҚШ Энергетика министрлігінің (Department of Energy, DoE) өкілдері келді.

Сапар барысында тараптар ИГР реакторының жоғары байытылған уран (ЖБУ) отынын сұйылту және иммобилизациялау учаскесіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары, ЖБУ отынын қайта қаптау учаскесін жобалау, материалдық құндылықтарды сақтауға арналған ангар типіндегі қойма салу, жүк көтергіштігі 125 тонналық мосы кранды жаңғырту, сондай-ақ ИВГ.1М реакторының ЖБУ отынын тотықтыру технологиясын әзірлеу сияқты бірқатар бағыт бойынша бірлескен жұмыстардың орындалу барысын талқылады.

Жұмыс кездесулері жобалардың қазіргі жағдайын қарастыруға, оларды іске асырудың техникалық қырларын талқылауға және әрі қарайғы іс-әрекетті үйлестіруге арналды.

Сапар қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген ынтымақтастық бағыттарына қатысты алдағы іс-шаралар жоспары мен жұмыстарды орындау мерзімі келісілді.

Национальная лаборатория Айдахо Министерство энергетики США