ТМД елдерінің Экономикалық кеңесінің отырысында қазақстандық материалтану токамагындағы (КТМ) ғылыми зерттеулердің 2018–2020 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.


06 наурыз 2018

Бұл бағдарламаның Қазақстан Республикасы тарапынан жауапты орындаушысы ҚР Ұлттық ядролық орталығы.

Бұған дейін қазақстандық материалтану токамагындағы (КТМ) ғылыми зерттеулердің 2018–2020 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы ТМД-ға қатысушы елдердің комиссиясының атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі отырысында мақұлданған болатын, ТМД-ға қатысушы елдердің үкіметтерінде келісіліп, оны Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссия қарады.

ТМД елдерінің атқарушы комитеті төрағасының айтуынша: «Бұл бағдарлама ТМД шеңберіндегі жоғарытехнологиялық саладағы өзара іс-қимылдың жарқын оң мысалы болып табылады. Бұл бағдарлама бойынша жұмыстардың нәтижелері болашақтың инновациялық энергетикасы – термоядролық энергетиканың негізін қалауға мүмкіндік береді».

Басқарылатын термоядролық синтез саласындағы технологиялық әзірлемелер жобаға қатысатын мемлекеттердің атом энергетикасында, машина жасауда әлемдік деңгейдегі ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабілетті өнімнің, энергетикалық және электрофизикалық жабдықтың жаңа буынын өндіруге арналған технологияларға қол жеткізуіне жол ашады.

 

http://24.kz/ru/news/economyc/item/225052-utverzhdena-programma-issledovanij-na-kazakhstanskom-tokamake

 

Токамак международное сотрудничество