09 желтоксан 2025

ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері Санкт-Петербургтегі «Глобус-М» термоядролық қондырғысында тағылымдамадан өтті.
Бұл сапар басқарылатын термоядролық синтез саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болды.
Біздің мамандар плазманы диагностикалау және қондырғыны эксперименттерге технологиялық тұрғыдан дайындау бойынша тәжірибе алмасып, зерттеулерге қатысты және Қазақстанда КТМ токамагының диагностикалық кешенін дамытуға бағытталған бірлескен жобалардың келешегін талқылады.
Нәтижесінде ынтымақтастықты жалғастыру және жаңа ғылыми-зерттеу бастамаларын іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
07 тамыз 2026
03 тамыз 2026
31 шілде 2026
30 шілде 2026