ҚР ҰЯО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатты қалыптастыру мәселесі талқыланды


28 сәуір 2026

ҚР ҰЯО РМК-де Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатын қалыптастырудың алдағы кезеңге арналған негізгі тәсілдерін талқылауға арналған жиналыс өткізілді.

Іс-шара барысында комплаенс-офицер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың биыл аяқталатынына назар аударды. Осыған байланысты уәкілетті орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді бастады.

Жиналысқа қатысушыларға алдын ала айқындалған басым бағыттар ұсынылды.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмайтын ортаны, оның ішінде процестерді цифрландыру, жасанды интеллектіні қолдана отырып талдамалық құралдарды пайдалану және мемлекеттік ресурстарды бөлудің ашықтығын арттыру арқылы қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзу туралы хабарлаған адамдарды қорғау институтын дамыту мәселелері қаралды.

Талқылау барысында квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтердің жұмысын жетілдіру мәселелері, оның ішінде олардың бірыңғай жұмыс істеу тәсілдерін енгізу және тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Жиналыс соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстары мен бастамаларын енгізді.


 

антикоррупционное законодательство РК