08 сәуір 2026



Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Курчатов қаласының жоғары сынып оқушыларына ашық есік күнін өткізді.
Мектеп оқушылары кәсіпорынның ғылыми инфрақұрылымымен танысып, Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының зертханаларын аралап, бірегей қондырғы – Қазақстандық КТМ материалтану токамагын көріп қайтты.
Экскурсия барысында қатысушылар негізгі зерттеу бағыттарымен, ғылыми бөлімшелердің жұмыс ерекшелігімен жақынырақ танысты.
ҚР ҰЯО РМК мамандары оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ғылыми қызметтің қыр-сыры жайлы әңгімелеп берді.
23 шілде 2026
22 шілде 2026
17 шілде 2026
13 шілде 2026