МАГАТЭ-дегі консультациялық кездесу


02 сәуір 2026

2026 жылғы 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Вена қаласында (Австрия) Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, АҚШ Энергетика министрлігі және МАГАТЭ өкілдерінің қатысуымен консультациялық кездесу өтті.

Кездесу аясында ИГР реакторының графит отынын өңдеу мәселесі қаралды, сондай-ақ ИВГ.1М реакторының отынын кәдеге жарату бойынша қазіргі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар талқыланды.

Қазіргі жобалардың барысына, соның ішінде ИГР реакторының жоғары байытылған уран (ЖБУ) отынын қауіпсіз қайта қаптау жабдығын жасауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар ЖБУ отынын сұйылту және иммобилизациялау учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, кепілдіктер мен таратпау аспектілері, сондай-ақ отынды өңдеу кезінде ядролық материалдарды есепке алу жүйесі қаралды.

Мұндай кездесу ядролық материалдармен жұмыс істеу жобалары бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, қауіпсіздік деңгейін арттыруға маңызды серпін берді.
 

МАГАТЭ ВОУ реактор ИВГ.1 КИР ИГР