11 ақпан 2026


Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы 2026 жылғы 2–6 ақпан аралығында Ереван қаласында (Армения) өткен МАГАТЭ-нің ядролық және радиациялық төтенше жағдайға дайын болу және ден қою мәселелері жөніндегі өңірлік семинарына қатысты.
Іс-шара барысында МАГАТЭ-нің халықаралық стандарттарына сәйкес аварияға дайын болу, ведомствоараралық үйлестіру және халықты қорғаудың қазіргі тәсілдері талқыланды. Семинарға өңір елдерінің өкілдері, оның ішінде жұмыс істеп тұрған атом электр станциялары бар мемлекеттер мен атом инфрақұрылымын дамытып жатқан елдердің өкілдері қатысты.
Ұлттық ядролық орталық мамандары Қазақстанның биологиялық дозиметрияны дамыту және оны радиациялық оқыс оқиғаларға ден қою кезінде қолдану тәжірибесімен таныстырды. Биодозиметриялық әдістерді ұлттық және өңірлік ден қою жоспарларына интеграциялау мәселесіне ерекше назар аударылды.
ҚР ҰЯО-ның семинарға қатысуы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және өңірде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік негізін нығайтуға ықпал етті.
20 мамыр 2026
13 мамыр 2026
08 мамыр 2026
06 мамыр 2026