30 желтоксан 2025


Ұлттық ядролық орталықта квазимемлекеттік сектордың кадр бөлімшелерінің қызметкерлері үшін түсіндіру семинары өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жариялануға жататын мәліметтер тізбесін айқындайтын бұйрығына 2025 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістерге арналды.
Семинар барысында басты жаңалықтар, жаңа талаптар қолданылатын лауазымды адамдар тобы, 270-нысан бойынша декларация мәліметтерін жариялау тәртібі, сондай-ақ кадрлық сүйемелдеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалардың сақталуын бақылауға қатысты практикалық мәселелер қаралды.
Мұндай іс-шаралар квазимемлекеттік сектор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуға, ашықтық пен есептілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
26 желтоксан 2025
25 желтоксан 2025
22 желтоксан 2025
17 желтоксан 2025