26 желтоксан 2025


Құрметті әріптестер!
Ізгі ниетіммен, жылы лебізіммен баршаңызды келе жатқан Жаңа 2026 жылмен құттықтаймын!
Осы жылды шығарып сала отырып, оның маңызды оқиғалар мен жоғары бағаланған елеулі нәтижеге толы болғанын сеніммен айтуға болады.
Біз бірлесіп басым бағыттағы ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды жалғастырдық, халықаралық ынтымақтастықты нығайттық және өзімізге жүктелген барлық міндетті толық көлемде орындап шықтық.
Мұндай жетістік – ұжымымыздың жоғары кәсіби деңгейінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының орнықты дамуының айқын дәлелі.
Әрқайсыңызға істеген жұмысыңызға жауапкершілікпен қарағаныңыз үшін, бастамашылдығыңыз үшін, ортақ нәтижеге қосқан жеке үлесіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Дәл осы ауызбірлік, біліктілік және жоғары кәсіби стандартты ұстану бізге сенімді түрде алға жылжуға серпін береді.
Алдағы 2026 жыл жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, бізге маңызды міндеттер жүктейді. Командалық рухты сақтап, оң нәтижеге ұмтылсақ, көздеген жоспарымызды жүзеге асырып, жаңа елеулі жетістікке қол жеткізе аламыз деп сенемін.
Жаңа жыл сіздерге және туған-туыстарыңызға зор денсаулық, бақ-береке, бейбіт өмір мен тұрақтылық ала келсін. Әр күніңіз сенімге, шабытқа, қуанышты сәттерге толы болсын!
Эрлан Батырбеков,
ҚР Ұлттық ядролық орталығының
бас директоры
25 желтоксан 2025
22 желтоксан 2025
17 желтоксан 2025
17 желтоксан 2025