Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні құтты болсын!


15 желтоксан 2025

Құрметті әріптестер! Қымбатты достар!

Басты мемлекеттік мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен жүрекжарды құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан үлкен өзгеріс жолынан өтті, өзінің стратегиялық мақсаттарын сенімді іске асыратын тұрақты және серпінді дамып келе жатқан мемлекет ретінде орнықты. Бүгін біз еліміздің тұрақты дамуына үлес қоса отырып, ғылыми және технологиялық әлеуетін нығайтуды жалғастырып келеміз.

Біздің игілігіміз кез келген сын-тегеурінді еңсеруге және даму жолында жаңашылдық ашуға мүмкіндік беретін келісім, өзара құрмет және бірлік болып қала бермек.

Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, амандық, ертеңгі күнге сенімділік және кәсіби табыс тілеймін. Отбасыларыңызда әрқашан жылулық, өркендеу және бейбітшілік болсын! Еліміз алға ілгерілеп, жетістіктерін еселей түсіп, жаңа белестерді аша берсін!

                                                                                                                         Эрлан Батырбеков, бас директор
 

поздравление День независимости