09 желтоксан 2025


ҚР ҰЯО РМК мен Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігі (JAEA) арасындағы кадр даярлау саласындағы ынтымақтастық 2010 жылдан бері дамып келеді және Ұлттық ядролық орталық пен Жапонияның халықаралық өзара іс-қимылының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Осы уақыт ішінде ондаған қазақстандық маман Жапонияда оқып, 370-тен астам адам жапондық сарапшылардың қолдау көрсетуімен Қазақстанда өткізілген курстарға қатысты.
Дайындық бағдарламасы екі кезеңнен: ҚР ҰЯО мамандарын Ядролық қаруды таратпау, қауіпсіздік және адам ресурын дамыту жөніндегі кешенді қолдау орталығы (ISCN) негізінде оқыту және одан кейінгі курстарды ҚР ҰЯО негізінде өткізу кезеңінен тұрады. Оқыту курсы ядролық және радиологиялық аварияларға дайындық, сондай-ақ реакторлық технологиялар негізі бойынша бағыттарды қамтиды.
Қазіргі уақытта кәсіпорнымыздың бір маманы ISCN JAEA ұйымдастырған нұсқаушылардың кеңейтілген даярлау курсына қатысуда. Бағдарлама тыңдаушылардың кәсіби қызметі мен кадр даярлаудың ұлттық тәжірибесі туралы баяндамаларымен таныстыруды, сондай-ақ Жапониядағы радиациялық жағдайды мониторингілеу жүйесімен, техникалық құралдармен, бағдарламалық жасақтамамен, радиациялық ахуалды болжау және бағалау әдістерімен таныстыруды көздейді.
09 желтоксан 2025
02 желтоксан 2025
02 желтоксан 2025
01 желтоксан 2025