Қытай Атом энергиясы институтымен Меморандумға қол қойылды


27 қыркүйек 2023

 

2023 жылғы 26 қыркүйекте МАГАТЭ Бас конференциясының 67-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Қытай Атом энергиясы институты арасындағы ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға келісті:

реактор қондырғыларының физикасы және жылу гидравликасы саласындағы зерттеулер;

реакторлардың жаңа жобаларының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер;

ядролық және термоядролық қондырғылардың перспективалық ядролық отыны мен конструкциялық материалдары саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер;

ядролық реакторларды пайдаланудан шығару, пайдаланылған ядролық отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы зерттеулер;

келешек энергетикалық технологиялар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер;

радиациялық қауіпсіздік және экология саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер;

ядролық сынақ полигондарында қоршаған орта саласындағы қызметті басқару мәселелері бойынша ақпарат алмасу (оның ішінде қауіптілікті талдау, бағалау және оның дәрежесін азайту).

 

Анықтама. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Қытай Атом энергиясы институтының атом энергетикасы саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша мол тәжірибесі бар, әрқайсысы бірегей болып саналатын дамыған зерттеу базасы бар – осының барлығы екіжақты табысты ғылыми-техникалық бірлестікті дамыту алаңына айналмақ.

 

радиоактивные отходы (РАО) международное сотрудничество Ядерная безопасность исследовательские реакторы ОЯТ МАГАТЭ РГП НЯЦ РК Республика Казахстан термоядерные реакторы экологическая безопасность Китай Меморандум радиационная безопасность