05 мамыр 2023

Құрметті әріптестер!
Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Осынау мереке күндері біз Отан алдындағы әскери борышын адал атқарып, батылдық пен табандылық танытып, ел шебін қорғап жүрген азаматтарға зор құрмет көрсетеміз, өйткені Қазақстан Республикасының тыныштығы мен амандығы үшін үлкен жауапкершілік дәл осы адамдарға жүктелген.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрметпен бас иеміз! Бейбіт елде алаңсыз өмір сүріп жатқанымыз үшін шексіз ризашылығымызды білдіріп, тағзым етеміз.
Сіздерге ашық аспан, бейбіт өмір, мықты денсаулық, мөлдір махаббат және амандық тілеймін!
Эрлан Батырбеков, бас директор
07 тамыз 2026
03 тамыз 2026
31 шілде 2026
30 шілде 2026