09 желтоксан 2022
Кеше ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбеков осы күндері Австриядағы Вена халықаралық орталығында өтіп жатқан Ғылыми дипломатия жөніндегі 3-ші симпозиумның жұмысына қатысты.
Симпозиум Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті, сондай-ақ верификациялық режимді қолдайтын ғылым мен технологияны нығайтуға қосатын үлесін тереңірек түсіндіру және жұртшылықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өткізіледі.
Көптілділікті дамытуға арналған панельдік сессияда маңызды мәселе қаралып, аталған мәселе ЯСЖТШҰ қызметі шеңберінде талқыланды.
Өз баяндамасында Эрлан Батырбеков ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының Б жұмыс тобында көптілділік мәселесін ілгерілету тәжірибесімен бөлісті, бұл шешімдер мен ұсынымдарды әзірлеу кезінде көпжақты тиімді тәсілді қолдануға ықпал етеді.
Б жұмыс тобы техникалық бағытта жұмыс істейді, сондықтан техникалық мәселелерді талқылау кезінде тілдік кедергілерді азайту маңызды деп саналады.
Қол қоюшы елдердің сұрауы бойынша Б жұмыс тобының сессиялары барысында Сараптамалық топтардың кеңестері міндетті түрде ілеспе аудармамен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте ECS жүйесі белсенді түрде қолданылады, онда барлық ресми тілдерде Б жұмыс тобының 59-шы сессиясының бейнежазбасы орналастырылған.
Алдағы сессиялар да барлық ресми тілдерде жазылып, сақталады.
Техникалық тұрғыдан көптілді тәсілді жүзеге асыру әртүрлі қиындықтар тудыратынын ескере отырып, көптілділік мәселесі «Пәнаралық мәселелер» бағыты шеңберінде Б жұмыс тобының алдағы 60-шы сессиясының күн тәртібіне енгізілді.
Б жұмыс тобы ЯСЖТШҰ-ның техникалық жұмысы шеңберінде көптілділікті одан әрі жетілдіру және нығайту жолдарын зерделейтін болады.
Жалпы алғанда, Б жұмыс тобының жұмысында көптілділік мәселесін ілгерілетудің арқасында барлық қатысушылар үшін топтың жұмысына тиімді қатысуға жағдай жасалады, бұл бізге жүктелген міндеттерді шешуде тиімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024