«АТОМЭКСПО 2022» форумына қатысу


05 желтоксан 2022

 

Сочиде «АТОМЭКСПО-2022» XII Халықаралық форумы болып өтті, оған Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының мамандары да қатысты.

«МБИР – халықаралық әріптестіктің бірегей алаңы» дөңгелек үстелінің жұмысы барысында ҚР ҰЯО-ның атом энергетикасы саласындағы халықаралық қызметі туралы баяндама ұсынылды.

Сондай-ақ форум аясында «Росатом» мемлекеттік корпорациясы мен БРИКС Халықаралық энергетикалық агенттігінің қолдау көрсетуімен «таза» энергетика мен технологияларды ілгерілету мақсатында халықаралық жастар қауымдастығын дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізілді.

«Жаңа мүмкіндіктер технологиясы: инновация адам өмірін қалай өзгертеді?», «Африка – ынтымақтастық және технологиялық даму аумағы», «Жаһандық оңтүстік энергетикасы: жалпы сын-қатерлерге БРИКС жауаптары» және «Жастардың орнықты болашақ құруға арналған бизнес-бастамалары» тақырыптық топтарының жұмыс қорытындылары бойынша 15 елдің сарапшылары өз елдерінің дарынды жастарын өнеркәсіптік, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тарту бастамасын әзірледі.

 

 

международное сотрудничество Росатом молодые ученые и специалисты РГП НЯЦ РК атомная энергетика Российская Федерация Республика Казахстан «АТОМЭКСПО-2022» Международный форум