06 мамыр 2022

Құрметті әріптестер!
Сіздерді Отан қорғаушы күнімен және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін біз Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы майдангер жауынгерлердің ерліктерін ерекше мақтанышпен еске аламыз және еліміздің қауіпсіздігін қырағылықпен қорғап тұрған азаматтарымызды құттықтаймыз.
Осынау мереке күндері баршаңызға зор денсаулық, рухани сергектік, бейбіт өмір, береке-бірлік тілеймін және де Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы барлық істеріңіз сәтті болсын!
Еліміздің аспаны әрқашан ашық болсын!
Бас директор Эрлан Батырбеков
08 мамыр 2026
06 мамыр 2026
30 сәуір 2026
28 сәуір 2026