ИТЭР-мен ынтымақтастық бойынша реакторлық эксперименттердің нәтижелері


01 Ақпан 2022

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының термоядролық синтез технологияларын коммерциялық энегетикалық қолдану мүмкіндігін көрсетуге арналған бірінші термоядролық реактор құруда әлемнің жетекші елдерін біріктіретін термоядролық синтез жөніндегі ИТЭР халықаралық ұйымымен ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастығы шеңберіндегі жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдардың күш-жігері аралас гамма-нейтрондық реакторлық сәулеленудің оптикалық талшықтар мен оптикалық талшықты температура датчиктерінің оптикалық және механикалық параметрлерінің өзгеруіне әсер етуін зерттеуге бағытталған, олар ИТЭР термоядролық реакторында плазма параметрлерін өлшеу үшін пайдаланылатын болады. ИВГ.1М (Курчатов қ.) және ВВР-К (Алматы қ.) реакторларында 2018-2019 жылдары жүргізілген сәулелендіру эксперименттерінің нәтижелері оптикалық жүйелердің осы элементтерінің ең оңтайлы типтерін таңдауға мүмкіндік берді.

Биылғы жылдың қаңтар айында ИВГ.1М реакторындағы эксперименттерде бұған дейін сәулелендірілген үлгілерді алуға дайындық жүргізілді. Сәулеленген үлгілер орналастырылған эксперименттік ампулалық құрылғыны кесу бойынша негізгі рәсімдер мен операцияларды айқындайтын әдістеме әзірленді. Капиллярлық түтіктің оптикалық датчиктер пластинасымен және оптикалық талшықтармен тұтасу беріктігін анықтау тәсілдері әзірленді, бұл тәжірибелік нәтижелерді біріктірілген гамма-нейтрондық сәулелену әсерінен оптикалық жүйе элементтерінің механикалық тозуы туралы мәліметтермен толықтыруға мүмкіндік береді

оптический потенциал международное сотрудничество ИВГ 1.M термоядерный синтез ИТЭР ИАЭ РГП НЯЦ РК экспериментальная программа гамма-излучение