Сейсмикалық мониторингтегі мүмкіндіктерді кеңейту


21 Қаңтар 2022

    2021 жылдың соңында ҚР ҰЯО РМК «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалының мамандары Маңғыстаудың «MSUAR» сейсмикалық тобының орналасқан жерін оңтайландыру бойынша зерттеу үшін Батыс Қазақстанның Маңғыстау облысында 16 кең жолақты сейсмикалық станция орнатты. Мұндай жоғары технологиялық станциялар желісі бір жылға, яғни 2022 жылдың соңына дейін маусымдық сейсмикалық шуды толық және жан-жақты бағалау үшін орнатылды.

    2022 жылдың басынан бастап өңдеуге арналған арнайы деректер базасын дайындау басталып, Батыс Қазақстан үшін қолда бар жылдамдық модельдеріне шолу жүргізілді, мамандар Маңғыстау облысының ауданына арналған жылдамдық моделін годографқа трансформациялауды жүргізуде.

Анықтама үшін:

Батыс Қазақстанның Маңғыстау облысының кейбір бөліктері сейсмологиялық тұрғыдан өте тыныш болып табылады және жергілікті жерден телесейсмикалық қашықтыққа дейінгі оқиғаларды жақсы анықтайды. Бұл облыс Еуразиядағы мақсатты аймақтар үшін сандық сейсмологиялық мониторингті жақсартатын жоғары сапалы сейсмикалық топты орнатуға тамаша үміткер болып табылады.

 

 

РГП НЯЦ РК ИГИ сейсмическая станция сейсмический фон сейсмотектоника сейсмический мониторинг