АҚШ пен Қазақстанның ядролық қауіп-қатерді азайту жөніндегі ынтымақтастығы


06 Қыркүйек 2021

АҚШ пен Қазақстанның ядролық қауіпсіздік саласындағы соңғы отыз жылдағы ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі ұйымдастырған вебинарда талқыланды. Іс-шараға ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков қатысты.

«Ядролық қауіп-қатерді азайту саласындағы АҚШ-Қазақстан ынтымақтастығының тақырыбы Ұлттық ядролық орталыққа өте жақын», - деп түсіндірді Эрлан Батырбеков. - Біздің ұйым құрылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін америкалық әріптестерімен осы бағытта бірлескен белсенді жұмыс жүргізуде. 30 жыл ішінде біз мақтан тұтатын және әлемді едәуір қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін орасан зор жұмыс жүргізілді».

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты 1993 жылғы 13 желтоқсандағы келісім ынтымақтастықтың бір мысалы болып табылады.

Бұрынғы ССП-дағы ядролық қару сынақтарының инфрақұрылымын жоюға, БН-350 реакторын пайдаланудан шығаруға, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) қолдаудағы сейсмикалық мониторингілеуге және зерттеу реакторларының отынын байытуды төмендетуге байланысты жобалар жұмыстардың анағұрлым ірі саласы болып табылады.

Қазіргі уақытта америкалық әріптестермен Семей сынақ полигонында таралу тәуекелін азайтуға бағытталған жаңа жобалар пысықталуда.

 

 

 

 

 

 

 

СИП международное сотрудничество Ядерная безопасность исследовательские реакторы США Эрлан Батырбеков РГП НЯЦ РК Республика Казахстан